Бүгін Жамбылда «Әулиеата –кітап оқитын өңір» жобасы өз мәресіне жетті. Жоба аясында аймақтағы үздік автор, үздік оқырман, ең үздік ауылдық кітапхана сынды бірқатар аталымдар бойынша оза шапқандар марапатталып, алғысқа бөленді. Осылайша, облыс әкімінің бастамасымен басталған игі іс бүгін қорытындыланды.