Биыл облыс бойынша 6 мыңға жуық гектар жерге қант қызылшасы егілген болатын. Қазір қант қазу жұмыстары толық аяқталып отыр. Жиналған өнімдер қант қабылдау пунктіне өткізіліп те үлгерілді.
Тәулігіне 2,5 мың тонна тәтті түбірді қабылдаған зауыт бүгінде толық қуатымен тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.