Төрткүл дүниенің төрт бұрышынан құлшына хабар таратқандардың ішінде Қалыбек Атжанның есімі ерек. Көрнекті журналист елге етене жақын болып, тілшілік тіршілікте салмақты сюжеттерімен талай түйткілді мәселенің түйінін тарқатты. 40 жыл ғұмырын телевизия саласының дамуына арнаған Қазақстанның Құрметті журналисі Қалыбек Атжанды бүгін жақындары мен әріптестері, шәкірттері еске алып, рухани- танымдық кеш өткізді.