Байзақ ауданында жас буынды елдік рухқа баулуға бағытталған жаңа бастама іске асырылды. №1 мектеп-гимназиясында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасов есімі берілген «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Сыныпқа 9-сынып оқушылары қабылданды.