2025-жыл – «құқық бұзушылықтың алдын алу жылы». Осыған орай Заң мен тәртіп қағидасына сәйкес Шу ауданында «Есірткісіз болашақ» атты конференция өтті. Жиынға мектеп басшылары, педагогтар мен ата-аналар қатысып, жасөспірімдерді есірткіден қорғау жолдары мен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызы талқыланды.