Бүгін Таразда 300-ден астам кітапханашы республикалық конференцияда бас қосты. Кітапхана саласындағы заманауи үрдістер мен цифрландыру дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер, инновациялық тәжірибелерді талқылауға арналған кәсіби алаңға жиналды.

Конференцияда кітапхана ісіне сүбелі үлес қосқан үздік мамандар марапатталды. Арнайы алғыс хаттарды облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов табыс етті.