Жамбыл облысында 2021-2025 жылдар аралығында 814,6 гектар аумаққа 970 мың ағаш отырғызу бойынша «Жасыл белдеу» өңірлік жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, 2021-2024 жылдар аралығында жалпы 636 гектар аумаққа 12 түрлі 775 мың ағаш отырғызылған. Аталған бағдарламаның орындалу барысы қалай? Отырғызылған көшеттерді күтіп-баптау ісі қалай жүргізілуде?