Облыс әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтары жөніндегі комиссия отырысы өтті. Кеңесте өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізу, мобильдік топтарының тиімділігін арттыру және әр отбасыға дер кезінде қолдау көрсету тетіктері талқыланды. Сондай ақ, жасөспірімдерге қатысты жүргізіліп жатқан рейд жұмыстарының барысы қаралды.