Аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін балабақшамен қамтып, өнегелі тірлігімен өзгелерге үлгі болған жан бар Меркіде. 40 жыл бойы мұғалімдік қызмет атқарған Нұрлан Оразбеков көпшілікке ұлағатты ұстаз ғана емес, қайырымды жан ретінде де сыйлы. Зейнетке шыққан соң да, қарап отырмай, жан жары екеуі ізгілікті іспен айналысуда. Ұстаздар күнінде ардагер ағартушыға да құрмет көрсетілді. Ауыл әкімі оның шаңырағына арнайы барып, төл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.