Мойынқұм ауданында 11 571 адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Тұрғындар үшін жағымды жаңалық – Айдарлы ауылында жаңа спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Салтанатты іс-шараға қатысқан аудан әкімі ауылдықтарлы жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, жиын барысында еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, арнайы төсбелгілер табысталды.