Байзақ ауданында ерекше спорттық шара өтті. Сарыкемер ауылындағы орталық стадионда Ата-заңның 30 жылдығына арналған, мәслихат қызметкерлері мен депутаттар арасындағы облыстық спартакиада ұйымдастырылды. Қатысушылар бір мезгіл күнделікті жұмыстан сергіп, қызықты сәтте өзара сайысқа түсті.