Тараздық 400 студент Еуропада тегін оқитын болды. Олар бұл мүмкіндікке мемлекет басшысының су дипломатиясымен айналысатын мамандар даярлау тапсырмасын жүзеге асыру аясында ие болып отыр. Еліміздегі су саласының мамандарын даярлайтын біздің өңірдегі жалғыз оқу ордасы қазірдің өзінде бұл бағыттағы жобаларын іске асыруға кірісті. Универсиет студенттері Венгрияда білімін шыңдайды.