Таразда ұзындығы 1 шақырымға жуық көпір салынуда. Көлік қозғалысын жеңілдетіп, инфрақұрылымды дамыту мақсатында қолға алынған жобаның құны 16 миллиард теңге. Көпір қаланың солтүстік және оңтүстік бөліктерін тікелей байланыстырады. Сондай-ақ тұрғындардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.