Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласына барды. Президент ертең Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысады. "Өңірлік бейбітшілік және қауіпсіздік" тақырыбындағы отырыста Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы өзара ынтымақтастықты күшейту жайы талқыланады. Сонадай-ақ саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа да салалардағы бірлескен жұмыс мәселелері қаралады. Жалпы ұйым 2009 жылы құрылған. Оның құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Түрікменстан мен Мажарстан - бақылаушы елдер.