Өткен демалыс күндері Тараздағы орталық алаңда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда жергілікті тауар өндірушілер мен шаруалар сапалы әрі қолжетімді бағада өнімдерін көпшілікке ұсынды. Қала тұрғындары ешқандай делдалсыз, тікелей тауар өндірушілерден қалаған азық-түлікті базар нарқынан төмен бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.