«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауының өңірлік кезеңі аяқталды. Оған Жамбыл облысынан 1603 педагог қатысып, шығармашылық әлеуетін және білім беру саласына деген шынайы сүйіспеншілігін танытты. Олар оқу, математикалық, жаратылыстану, цифрлық, қаржылық, экологиялық және мәдениетаралық сауаттылық атты жеті бағытта бақтарын сынады.