Өткен жылы қолөнершілер қалаларының қатарында болуға Алматы қаласы лайық деп танылса, күні кеше бұл тізім Түркістан шаһарымен толықты. Соған орай Түркістан төрінде «TURKISTAN WORLD CRAFT FEST-2025» халықаралық фестиваль өтті. Ұлттық құндылықты ұлықтаған айшықты шараға Тараздық қолөнершілер де құрметті қонақ ретінде шақыртылған. Арнайы делегацияны Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің бастап барды.