28 қыркүйек – жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туған күні. Бұл – әулиеаталықтар үшін атаулы дата, себебі ақпараттың алыбы, ақиқаттың алдаспаны ретінде ел арасында танымал болған тұлға отандық әдебиет пен журналистиканың дамуына сүбелі үлес қосты. Бүгінде Шерағаның атында оқу ордасы, мектеп, тіпті шаһардың орталығында көше де бар.