Бүгін облыс әкімдігі мен білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мамандық Fest» халықаралық байқауы өтті. Бұл шара жас таланттар мен болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін, шығармашылығын паш етуге арналған мүмкіндіктер алаңы болды.