Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Биыл Жамбыл облысынан шамамен 1700 жас азамат мерзімді әскери қызметке жол тартады. Оның төрттен бірі – Тараз қаласынан. Борышын өтеушілердің бірі SMS-хабарлама арқылы, бірі дәстүрлі шақырту қағазымен келген. Мұндай маңызды кезеңде отан қорғаушыларға үйдегі үлкендердің қолдауы ерекше қажет.