Таразда «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен іскер әйелдердің басқосуы өтті. Мұнда қоғамның қозғаушы күшіне айналған көшбасшы, сарапшы һәм белсенді нәзік жандылар жиналып, қол жеткізген табысты жұмыстарға тоқталып, алдағы негізгі жобалар мен бастамаларды талқылады.