Таразда ақын әрі әнші, қара күш иесі Балуан Шолақтың туғанына 160 жыл толуына орай, кең көлемде іс-шара өтті. Кеш қонақтарына белгілі тұлға жайында фильм көрсетіліп, палуан жайында жазылған кітаптар таныстырылымынан басталды. Айта кетсек, мерейтойға арналған шаралар легі үш күнге созылады. Тараздан соң эстафетаны Шу ауданы алады.