Анаға тағзым орталығында “Жұмысшы мамандықтар жылына” орай сұлулық фестиваль- байқауы өтті. Фестивальге орталықта қысқа мерзімді оқыту курстарынан өткен, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отырған көпбалалы аналар, жалғызбасты әйелдер мен әлеуметтік осал санаттағы қыз-келіншектер қатысты.