Жамбыл облысында жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдейтін зауыттың құрылысы басталды. Жалпы құны 200 млн. АҚШ долларын құрайтын кәсіпорын аумағында 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл жоба өңірдің және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыра отырып, жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Зауыттың алғашқы іргетасын қалау рәсіміне ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты.