Жамбыл облысында жаңа басқарма құрылады. Мекеме жасөспірімдердің құқығын қорғау бағытында жұмыс істейді. Соңғы кезде оқушылар арасында орын алып отырған келеңсіз жайттар атқарушы билікті осындай қадам жасауға мәжбүрледі. Бұл жайында аймақ басшысы айтты. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау барысы туралы депутаттар алдында есеп берген Ербол Қарашөкеев алдағы жоспарлар жайын да баяндады.