Сарымолдаев ауылының тұрғыны Рысқан Сүлейманов – ауылдағы жалғыз көлік жөндеу маманы. Ол бұл іске небәрі 18 жасынан бастап кіріскен. Әкесінің қасында жүріп, әртүрлі ақауларды жөндеуді үйренген жас жігіттің еңбекқорлығы мен қызығушылығы уақыт өте кәсіпке айналды.