Құтыру – алдын алуға болатын, алайда әлі де адам өміріне қауіпті саналатын жұқпалы ауру. Осыған орай өңірде Дүниежүзілік құтыру індетіне қарсы күрес күніне арнайы ақпараттық акция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ветеринария және медицина мамандары тұрғындарға аурудың белгілері мен сақтану жолдары туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.