Қазақ хандығының туы тігілген қасиетті мекен Шу ауданының құрылғанына биыл 95 жыл толды. Сонымен қатар, атақты палуан, ұлт қайраткері Балуан Шолақтың туғанына 160 жыл. Қос мерейтой өңірде кең көлемде аталып өтті. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев атаулы мерекеге қатысты. Салтанатты жиынға сондай-ақ, елге танымал азаматтар да арнайы келді.