Тараз қаласының күні жылдағы дәстүрге сай, кең көлемде аталып өтті. Орталық алаңда мерекелік концерт ұйымдастырылып, қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады. Мерекелік кешке Жамбыл облысының және Тараз қаласының әкімдері қатысып, жұртшылықты қала күнімен құттықтады.