Заң мен тәртіптің берік орнығып, қоғамда салтанат құруына үлес қосуға аға буын да мүдделі. Жамбыл ауданында өткен Ардагерлер форумы Президенттің әлеуметтік, саяси-экономикалық реформаларын қолдауға бағытталды. Қоғам бірлігі мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуде белсенділік танытып жүрген ардагерлер баршаны Әділетті ел қалыптастыруға қызмет етуге шақырды.