Таразда 700-ге жуық балуан қатысқан дзюдодан дәстүрлі халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен жарыс КСРО спорт шебері Бақытжан Ташметовке арналды. Биылғы додаға Моңғолия, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 2008-2009 жылы туған балуандар қатысты.