Меркі ауданының Ойтал ауылында кәсіпкерліктің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар көп. Солардың бірі – жеке кәсіпкер Серік Белгібаев. Ол осыдан жиырма жыл бұрын жарнама жасау ісін бастаған. Бүгінде ісі алға басып, аудан көлемінде танымал кәсіпкерге айналып отыр.