Қарапайым еңбек адамы – қоғамның қозғаушы күші. Еңбек күніне арналған салтанатты іс-шара еңбек ардагерлері мен белсенді қызметкерлерге арналған құрмет кеші десе болады. Тараз төріндегі мерекелік жиынға өз саласының майталмандары, еңбек ардагерлері мен жас мамандар жиналды.