Таразда қала күні мерекесіне орай ерекше тарту жасалды. Ұлы дала шағын ауданында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен және «Alina Group» компаниясының қолдауымен сенбілік өтті. Акция аясында 550 түп ағаш отырғызылып, жаңа аллея ел игілігіне берілді.