Елордадағы көшелердің біріне әйгілі саяхатшы Марко Полоның есімі беріледі. Бұл туралы Қазақстанға ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелламен келіссөз жүргізген Мемлекет басшысы айтты. Кездесуде тағы бірқатар маңызды сала бойынша серіктестікті нығайту мәселелері қаралды.