Табиғатты аялау — ұрпаққа аманат. Осындай ұстаныммен Мойынқұмдықтар кезекті рет экологиялық тәрбиенің үлгісін көрсетті. Аудан орталығындағы жасыл желекті көбейту мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада тыл еңбеккерлері мен қоғам белсенділері ағаш отырғызды.