Ақшаңқай тігілген киіз үйлер, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық ойындар мен салт- дәстүрлер Қаратаудың жотасындағы этно ауылда көрініс тапты. Табиғат пен мәдениттің үйлесімі ұштасқан мерекелік думанға туристер мен қонақтар, консулдық және дипломатиялық корпустардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары қатысты.