Отан қорғаушылар күніне орай, Тараз қаласында Оңтүстік өңірлік әскери прокуратурасының прокуроры Сәкен Ермекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Тараз гарнизонының әскери қызметшілерімен кездесті. Ол Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригадаға барды. Онда тараптар арасында өзара әңгіме өрбіп, кеңес берілді.