Мойынқұм ауданындағы Мыңарал зауыты өңірдің экономикалық тынысына серпін беріп отырған бірегей кәсіпорындардың бірі. Өндіріс орны 2014 жылы үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылып, содан бері балық шаруашылығы саласында үздіксіз еңбек етіп келеді.