Жамбылда жыл басынан бері 61 адам газдан уланған. Оның үшеуі оқиға орнында мерт болды. Жалпы соңғы төрт айда облыста тұрмыстық газбен байланысты 20 оқыс оқиға тіркеліп отыр.
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің қатысуымен кезекті жиын өтті. Онда аймақтағы темір жол, автожолдар мен газдан уланудың алдын алу мәселесі талқыланды.