Еліміздегі Құрлық әскерлері құрамындағы ең ірі аумақтық бірлестіктердің бірі – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы. Барлық Қазақстандық әскермен бірге Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындалуда. Атаулы даталарды мерекелеуге оңтүстік өңірінің әскери қызметшілері жауынгерлік жарыстар мен әскери оқу-жаттығуларды сапалы өткізуде жоғары көрсеткіштермен өз үлестерін қосуда.