Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенттерімен «Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушылар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді, жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды талқылады.