Тәліпбек Сапарбекұлының туғанына – 100 жыл
Ұстаз, филолог, шежіреші Тәліпбек Сапарбекұлының туғанына – 100 жыл. Осыған орай Таразда ғылыми конференция өтті.
Тәліпбек Сапарбекұлы еңбек жолын 1942 жылы 16 жасында өзінің туған жері «Октябарь-Жеміс» холқозында бастаған. Мұнан соң Жамбыл қаласындағы педогогикалық училищені бітіріп, бастауыш мектептің меңгерушісі болып тағайындалады. Ұлағатты ұстаз әр жылдары, әр білім ошақтарында абыроймен басшылық қызмет атқарған. Зейнет жасына шыққан соң Тараз қалалық әкімдігі жанынан құрылған аймақтық кеңестің төрағасы, басқа да қоғамдық жұмыстарға белсене арласқан.