Ұстаздар құрметке бөленді
Ұстаздың бір ауыз сөзі – шәкірттің өміріне бағыт беретін шамшырақ. Бүгін Таразда Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлт келбеті» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында білім саласының үздіктері марапатталып, ұлағатты мамандықтың қоғамдағы орны айрықша аталды.