Президент мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұғалім күні бүкіл қоғамды біріктіретін, нағыз халықтық сипаты бар, қастерлі де қадірлі мерекеге айналғанын атап өтті. Сонымен бірге, Мұғалімдер қауымына зор құрметпен қарау, олардың ұлт болашағы үшін атқарып жатқан табанды еңбегіне алғыс айту – баршамызға ортақ парыз, - деген Мемлекет басшысы, ұстаздарды жан-жақты қолдау жұмысына айрықша мән беретінін жеткізді.