Негізгі Жаңалықтар Президент: Жасанды интеллект өнеркәсіпті өзгертетін басты күшке айналады

Президент: Жасанды интеллект өнеркәсіпті өзгертетін басты күшке айналады

Президент жасанды интеллектіні өнеркәсіптің нақты құралына айналдыруды тапсырды. Кәсіпорындар өндірістік үдерістерді толық қайта қарап, ЖИ арқылы тиімділікті арттыруы керек. Үкіметке табысты пилоттық жобаларды жедел коммерцияландыру және өндірістік деректердің ортақ базасын қалыптастыру міндеті жүктелді. Қасым-Жомарт Тоқаев қолданбалы ғылым мен Deep-Tech жобаларын күшейтуге де назар аударды. Мемлекет басшысы Астанада Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді.


Бөлісу