Жүрек күзетіндегі абзал жан
Қазан айының алғашқы дүйсенбісі халықаралық дәрігерлер күні. Кәсіби мерекеге орай тілшіміз жүрек күзетіндегі абзал жандармен тілдесіп қайтқан еді.
Жүрек клиникасында жылына 230-дан аса адамның жүрегіне ота жасалады екен. Оның ішінде аса күрделі түрлері де бар. Ол — асқан жауапкершілік пен терең білімді талап етеді. Сондай-ақ, мұнда кардиодефибрилляторлар мен электрокардиостимуляторлар имплантацияланады.