Бүгін Тараз қаласында Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада ұлт мақтанышының ерен ерлігі мен соғыс кезіндегі қаһармандық жолы кеңінен әңгіме арқауына айналды.