Тұрар Рысқұлов ауданының Тасшолақ ауылында белгілі азамат, шежіреші Сәрсенбек Нұрабаевтың «Байдалы бабаның ұрпақтары» атты туындысының тұсауы кесілді. «Әулиеата - кітап оқитын өңір» жобасы қолға алынған Жамбыл жерінде жыл басынан бері көптеген құнды дүниелер жарыққа шығуда. Солардың бірі осы кітап.