«Ауыл аманаты» жобасы ауылдық жерде кәсіп ашуға ниетті азаматтар үшін үлкен мүмкіндік. Аталған жобаның арқасында ауыл тұрғындары жеке кәсібін ашып, отбасылық табыстарын арттыруға, ауыл экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді. Осындай игілікті жобаның жемісін Меркі ауданындағы Андас батыр ауылының тұғындары көріп отыр.